ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

120.jpg

Елімізде 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі  мәслихаттардың сайлауына байланысты кандидаттар тарапынан үгіт-насихат жұмыстары ерекше қарқынмен өтіп жатыр. 

Осы аптада ауданымызға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутат-тығына үміткер Алимбаев Данияр Кенғазиұлы арнайы келді. Үміткердің арнайы өткізген шарасына аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерде қатысты. 

Бұл кездесу аудандық сайлауалды штабында өтті. Қатысушыларға «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтылды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бағытталғанын жеткізілді. Сондай-ақ, жиында елдің әлеуметтік жағдайы, бюджеттегі ашықтық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, колжетімді әрі сапалы білім, халықты медициналық көмекпен  қамту, тұрғын үй мәселесін болдырмау сияқты түйткілді  мәселелер айтылып, оның шешілу жолдары талқыланды. Бағдарламамен танысқан сайлаушылар жалақыларының көтерілуі жолдарын қарастыруды және тұрғын үй кезегіне мемлекеттік қызметші ретінде тіркеуді жүзеге асыру жағын сұрады.

Айтылған мәселелердің барлығы назарға алынып, алдағы уақытта оның шешу жолында жұмыстар жүргізілетін болатыны баса айтылды.. 

Кездесу соңында сайлаушылар үгіт-насихат парақшаларын қуана қабыл алып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға біркісідей атсалысатындығын жеткізді және үміткерлерге сәттілік тіледі.

Халықтың сенімі - жауапкершілікті жүктейді!

«Nur Otan» партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш! «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! 

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр