Алғыс арқалаған жандар

Алғыс  арқалаған  жандар

Қайшыбек Рысбаев, зейнеткер.

Халқымызда "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген жақсы сөз бар. Кәсібін дөңгелетіп, елі үшін еңбек етіп жүрген  ерлі-зайыптылардың бірі-ол Мақсат Қосаев пен Бақытгүл Тұрсынбаева  десем қателеспеймін деп ойлаймын.

Сонау 90 жылдары Кеңес үкіметі тарап дүкендер жабылып, ел тамақты, балаларға киім-кешекті қайдан аларын білмей, ол үшін қалаға бару қажеттілігі туындаған қиын кезде кәсіпкер Мақсат пен Бақытгүл екеуі  Быткомбинатын қолға алып, жөндеуден өткізіп, елге қажетті тұрмыстық заттар, киім-кешек, құрылыс материалдарын ұсынатын дүкенін ашты. Содан бері "Мұхтар" сауда дүкенінің ассортименті де  көбейе түсіп,  үй жиһаздары тағы көптеген халық игілігіне қажетті  жабдықтар дүкен сөрелерінен табылып, бұл жандар ел алғысына бөленді. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлердің еңбекқорлығы, халықтың мұқтаж заттарын уақытылы жеткізіп беруі еңбек деп білемін. Осы сауда үйі арқылы құрылыс материалдарын алып ауданда  бастарына баспана салып алған қаншама отбасылар да  алғысын білдіріп жатады. Және бұл дүкеннің бағасы да басқа дүкендерге қарағанда әлдеқайда арзанырақ, қолжетімді бағада. Әрі дүкенге қашан барсаң да  ерлі-зайыпты екеуі келген тұтынушыларға жылы шыраймен күлімсіреп қарсы алып, іздеген затыңды тауып беріп, құрақ ұшады. Осындай жандарға ағалық  алғысымды білдіріп, әрі қарай да өсіп-өркендеуіне шынайы жүрекжарды ақ тілегімді білдіремін. "Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер" дегендей, әрдайым алғыс арқалап, ел үшін еткен еңбектеріңнің тек жемісін көріп, өсіп-өрби беріңдер, ең бастысы отбасыларың аман болсын демекпін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр