Судың пайдасы мен зияны Қандай?
Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 65 пайыз судан тұрады екен. Судың адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен. Күніне 2 литр су ішу керек деген кеңестерді жиі естиміз, бірақ оның зиянды әсері де бар. Ол қандай?
Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.
Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен. Суды аз ішетін адамдар әртүрлі ауруларға бейім болады. Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі. Ағзада судың аз болуы, бастың ауруына әсер етеді. Екі стақан сұйықтықты ішсеңіз, бастың ауруы басылады. Ағзада судың мөлшері тым көп болса, ол жүрек және бүйрекке жүктемені екі есе арттырады.
Тым ыстық қылдырып ішу, асқазанда ойық жара немесе панкреатиттің басталуына әкелуі мүмкін. Суық суды ішу зиянды, өйткені ол асқазан мен ішкі құрылысты салқындатып, біраз уақыттан кейін ауруларға әкелуі мүмкін. Ауа райы ыстық болғанның өзінде жылы сұйықтық ішуге кеңес беріледі.
Күніне 2 литр су ішу керек дегенді ұмытыңыз!
Адамның салмағына, физикалық белсенділігіне және өмір сүру салтына қарай, әр адамның нормасы әртүрлі болады. Мысалға, 50 килограмм кісіге 1,5 литр су ішу қажет. Яғни, 1 кг-ға 30 мл. Оянғаннан кейін бір стақан ішкен дұрыс. Содан соң, тамақ ішер алдында 20-30 минут бұрын немес тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін суды ішуге кеңес беріледі. Денсаулықты жақсарту үшін шәй, кофе, сүт, айран емес, тек қана таза суды пайдалану керек. Шөлдесеңіз, шыдап тұрудың қажеті жоқ, бірден су ішіңіз.
Самал Маматаева, Балқаш аудандық «Ұлттық сараптама орталығының» зертханашысы.
Kumisbek Erbaev