Бірлік пен ынтымақты ту етіп...
Бір ауылда тұрамыз
Қазақ елі - Еуразияның жүрегінде орналасқан, тарихы бай үлкен мемлекет. Қазақ халқы жүзі жайдарлы, пейілі кең, қонақжай халық екені бүкіл әлем жұртшылығы үшін аян шығар.Барша халыққа тарихымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де, салт-дәстүрімен де үлгі болатын тұғыры биік алып мемлекет. Қазақ жерінде туып -өскен әрбір қазақ баласы-біреуде болса біреуде болмайтын үлкен бақыт иесі. Құс ұясыз болмайтын сияқты, адам отанынсыз болмайды. Каспий теңізінен Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қасиетті өлке – қазақ жері. Қазақ елі десе, ең алдымен, бірлігі жарасқан халқы, шалқыған көк теңіздей жайлауы, түтіні бұрқыраған ауыл көрінісі, бағында бұлбұл құсы сайраған, көгінде қыран құсы самғаған, көлінде аққу құсы қиқулаған бақыт мекені елестейді. Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен іргерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни, Назарбаев моделі деп атады. Иә, еліміздің дамуында алғашқы көшбасшысының қосқан ерең еңбегі, үлесі өте зор болды. Бірақ, қазіргі таңда адамдардың арасында көреалмаушылық қасиет басым болып бара жатыр. Оның себебі неде? Себебі, халықты қараңғылы, білімсіздігі, еріншектігі, біреудің жеткен жетісігіне, жасаған еңбегіне жақсы көзқараспен қарай алмауы. Иә, көреалмаушылық деген осы. Тәуелсіз Қазақстан жеріндегі, бір шаңырақ астындағы «Бір ел-бір тағдыр» ұстанымын ұран еткен, бір ананың баласындай, бір қолдың саласындай, жүзі басқа болғанымен-жүрегі бір, тілі басқа болғанымен –тілегі бір, көпұлтты қазақстандықтардың ынтымағы мен достастығы, мызғымас бірлігі тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктете түсуде.Алайда, қазіргі таңда қазақ өз-өзін төмендету үстінде. «Қытайлардың қолынан келмейтіні жоқ», «орыстарда әділдік бар ғой», «өзбектердің еңбекқорлығына жете алмаймыз», «Еуропаға жету қайда?» секілді аргументтерді қолдану арқылы қазақстардың жасап жатқаннын жоққа шығаруда. Әрине, бұлай өзімізді төмендете берсек, осы сөзге еріп жүретін болсақ, ештеңеге талпынбасақ, қазақ елі бір мезетте жоқ болады. Сол үшін ондай аргументтерді қолдануды тоқтатуымыз керек. Біздің мемлекетіміз көпұлтты мемлекет болған соң, бірлікте, ауызбіршілікте, ынтамақтастықта, татулық пен тұрақтылық місе тұтсақ, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ әлі де алатын асуларымыз көп. «Береке басы бірлік » демекші, бірлік бар жерде тірлік , өрлеу, өркендеу бар.Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қасиетті сөзі біздің айнымас қағидамыз. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұданда зор жетістікке жетері сөзссіз. Келешек қазақ жастары қазақ екенін әрқашан мақтан тұтады. Себебі, біз- тарихы мен тұғыры биік Қазақстан дейтін алып мемлекеттің ұрпағымыз! Қаншама қиын-қыстау кезеңде еш мойымаған қайран, қазақ елі! Елінің тәуелсіздігі жолында, сонау атақты Керей мен Жәнібек бабаларымның ізімен талай қазақ баласы елі үшін аянбай еңбек етті. Сырттан келген жаулардың бетін қайтарып, қазақ жерін сақтап, егеменді ел болу жолында қаншама тер төкті. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші? Жоңғар шапқыншылығы қазақ болып қалыптасып, жеке мемлекет болуымызға үлкен зардабын тигізді. Батыр ерлеріміз бен ержүрек ақындарымыздың ерлігі елі үшін жасаған нағыз азамат ретіндегі игі ісі болды. Батырларымыз білек күшімен, ал ержүрек ақын- жыраулар сөздің шеберлігін, тілінің қылыштай өткірлігін пайдаланып, келген жауларды қайтарып, еліне деген батыл істерді жасаған.555 жылдық тарихы бар қазақтың бойында болуы тиіс терең білімділік, еңбекқорлық, кәсібилік, тәртіптілік пен жауапкершілік және әділдік секілді өнегелі қасиеттерді атай келіп, бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді және көремізде.
Қорыта келгенде бүкіләлем егеменді еліміз Қазақстанды бірлігі мен ынтымағы жарасқан Тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Бір ғана мысал, өзге ұлт өкілдері республикамызда ғана емес, сонымен қоса мен тұратын Бақбақты ауылында да қоныстанған. Біз бір ауылда бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақты ту етіп, тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Қазақи құндылықтарымызды жоғалтпай, өскелең ұрпаққа ұлттар достастығын үлгі етіп келеміз. Бұл біздің ең басты жетістігіміз болып табылады.
Бірлігі жарасқан Қазақ-стандағы ұлттар достастығы бүгінгі ұрпаққа сабақтастық болса ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз! Ия, ата-бабаның бізге тарту еткен сыйын өз уысымыздан шығармай, еліміздің ертеңі жастарды тәрбиелеуде біз секілді ұстаздардың еңбегі айрықша. Шәкірт тәрбиелеп, оларды білім нәрімен сусындататын біздер бір шаңырақ астында өзге ұлт өкілдерімен бақытты ғұмыр кешіп жатқанымызды, береке-бірлік пен ырыс-ынтымақты жіті насихаттасақ болашағымыздың жарқын болары анық.
Айжамал МАМЫШОВА, №1 Жамбыл атындағы орта мектептің мұғалімі.
Бакыткул Ойшиева