Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Қадірлі ата-аналар!

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Қадірлі ата-аналар! 

4-9 (1).jpg


3 маусым күні – баршамыз үшін ерекше күн. Өйткені, бүгінгі қуаныш иелері, жас түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұя мектептерімен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырды.

Бұл күні жас түлектерімізді өмір баспалдағына шығарып салып тұрмыз. Биылғы жылы Балқаш ауданы бойынша 261 жас түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, өмірдің келесі кезеңіне жол тартып бара жатыр. Соның  ішінде 21  жас түлек «Алтын белгі» иегері атанса, ал 13 жас түлек «Үздік аттестат» иегері атанып, ұстаздар мен ата-аналар еңбегін ақтап, ауданымыздың мерейін асқақтатты. 

Құрметті  ұстаздар! Осындай шәкірттерді тәрбиелеп, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып жатқан ерең еңбектеріңіз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіремін! 

 Қымбатты мектеп бітіруші  түлектер! Сіздердің биылғы мектепті бітірулеріңіз әлемді жайлаған коронавирус індетінің таралу кезеңіне тұспа-тұс келді. Бірақ, өздеріңіздің білімге деген құштарлықтарыңыз, ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың табанды еңбектері мен мемлекетіміздің шексіз қамқорлығының арқасында бүгінгі күні мектепті табысты аяқтап, аттестатқа қолжеткіздіңіздер. 

Абай атамыз айтқандай: "Бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана, өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп білемін. Осынау кезеңдерде өмір-кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, Сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіздерді  алда үлкен сын күтіп тұр. 

Бүгінде ауданымыздың мектептерін бітіріп, республикамыздың түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жатқан аға-апаларыңыз бар. Олардың өнегелі ісі баршаңызға үлгі болады. Сіздерге де солардың абыройға толы жолын берсін деп тілеймін. 

Алдағы Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, аңсаған армандарыңа жетіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін! 

Айман АЙМҰХАНБЕТ, 

аудандық білім бөлімінің басшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР