Әр елдің болашағы, бүгінгі аға буынның ізін басатын кейінгі толқын - жастар екені белгілі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті арқылы әр өңірден 35 жастан аспаған жас басқарушылармен өңірлік кадр резерві қалыптастырылатынын естіп игі бастамаға қуанып отырмыз.
Өңірлік кадр резервінің бас-ты мақсаты - өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қа-лыптастыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті» деп атап өткен болатын.
Яғни осындай іріктеуге қатысу резервшілерге жер-гілікті жерлерде жаңаша өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Және өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады екен. Бұл жастар үшін ең керемет әрі тиімді мүмкіндік болмақ. Қаншама озық ойлы, талантты, дарынды жастарымыз көп. Осындай қабілеттерін тиімді пайдаланып, өзінің және елінің болашағына еңбек ету бүгінгі жастардың еншісінде.
Ұлы Абай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген өсиет сөзімен әр адамның өмірден дұрыс орнын табуға жол сілтеді.
Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру керекпіз. Қоғамда қалыптасқан шенеунік деген атаудан, ой-санадан арылуымыз керек. Мемлекеттік қызметші болу-ға, халыққа адал қызмет көр-сетуге тәрбиелеп, осындай мүмкіндіктерді жастар да тиім-ді пайдалану керек.
Сайран СМАҒҰЛОВ, «Білім және ғылым қызметкерлерінің «Демеу» Алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» филиалының төрағасы.