КАДР РЕЗЕРВІН ІРІКТЕУ-МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

9e7b6bb9-6bba-4640-8b11-4ba80d0a5f9d.jpg

Осы аптада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Арсен Жақыпов ауданымызға арнайы келіп, Алматы облысының өңірлік кадр резервін іріктеу туралы кездесу жиын өткізді.

Келелі жиынға аудан әкімі Азат Құтпанбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бақдәулет Абызбаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Бақыт Сқабаев, ау-дандық мәслихат төрағасы  Кәдірбек Омаров, сонымен қатар аудандық мекеме-ұйым  басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері қатысты.

  4207e402-528e-4ab3-8776-028caee7557c.jpg

    Жиынды жүргізген аудан басшысы жергілікті мемлекеттік атқару органдары штаттары санының лимиті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1324 Қаулысымен бекітілгенін айта келе, аудан бойынша мем-лекеттік қызметкерлер саны 131 бірлікті құрайтынын және олардың қандай салаларда қыз-мет атқарып жүргенін баяндап шықты және күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан-ға арнайы атбасын бұрған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша де-партаментінің басшысы Арсен Абзалұлына  сөз кезегін берді.

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Арсен Жақыпов өзінің баяндамасында «Жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында биылғы жылдың 1 наурызынан бастап  іріктеу басталатынын айтты.

     Іріктеуді Алматы облысының Кадр комиссиясы жүзеге асыратынын және өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жер-гілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алатынына баса тоқталып, ол үшін қандай құжаттар қабыл-данатынын түсіндіріп, сөз кезе-гін  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия-сының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бақдәулет Абызбаевқа берді.

       Сөз кезегін алған Бақдәулет Ермаханұлы өңірлік кадр резер-він іріктеу туралы заңның қа-былдану қағидаларына баса тоқталып, өз ойын ортаға салды.

      Жиынды қорытындылаған аудан әкімі жас мамандардың Әділетті Жаңа Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосатынына сенім білдіріп, киелі өңірімізде білімді әрі білікті жастардың бар екенін тілге тиек етті.

Мұнан соң келелі жиын «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының ғимаратында аудан көлеміндегі шаруа қожалық басшыларының қатысыуымен өз жалғасын тапты.

Мұнда да күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамалар жасалып, жиынға қатысушыларға кадр резервіне іріктеу туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

                                                                Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция