ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

e4fe9dfa-8b74-4165-92ab-746bcd173c74.jpg

Өткен аптаның бейсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов «AMANAT» партиясының Балқаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан басшысының қабыл-дауына арнайы келген бірқатар аудан тұрғындары қоғамдық жұмысқа орналасу және тұрғын үй кезегі жайында  мәселелерді көтерді.

Тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-пікірлерге құлақ түрген Азат Үкітайұлы айтылған барлық мәселелердің дер кезінде шеші-мін табуын өз бақылауына алатынын айтты.

Сонымен қатар қабылдауға қатысып отырған мекеме басшыларына аудан тұрғын-дарының көтерген барлық мәселелерді  басты назарда ұстап, олардың заң шеңберіне оң шешімін табуына жұмыс жасау үшін тапсырмаларды жүктеді.

Әсіресе тұрғын үй қажет-тілігіне байланысты жүгінген тұрғындардың өтінішіне сәйкес баспана  кезегін дұрыс жолға қоюды және бұл істі өзінің бақылауына алатынын баса айтты.

Осы орайда айта кетер болсақ, аудан әкімінің тұрғындармен қабылдау өткізілетінін алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланған.  

«AMANAT» партиясының Балқаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен  өткізілген аудан басшысының қабыл-дауына келген азаматтардың бәріне заңды-құқықтық тұрғыдан мәселелерінің шешілуіне бағыт-бағдар берілді. Олардың кейбірі өз сұрақтарына қатысты түсіндірме жауапты сол жерде алды.

                                                              Өз тілшімізден.

 

 

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін шаралар жасауда
  • Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз етуде
  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылық
  • Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады
  • Бұл таза және сау ортаны құруға бағытталған саналы қадам