Өткен аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV Конференция отырысы болып өтті.
Кезектен тыс конференция отырысына «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев, аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия Ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, Саяси кеңес және Бюро мүшелері, бас-тауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері қатысты.
Келелі жиынды жүргізіп отырған аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Тынышбалаұлы алдымен Конференцияның күн тәртібіндегі қойы-латын сұрақтарды атап өтіп, мандат комиссиясының хабарламасын бекіту үшін мандат комиссиясының төрайымы Гаухар Мақатайға сөз берді. Содан соң күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев сөз кезегін алып, осы уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы болып қызмет атқарып келген Данияр Садықбаевқа ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттап, күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы қызметіне Марат Ноғайбайдың кандидатурасын ұсынды. Конференция отырысына қатысушылар бірауыздан дауыс беріп, аудандық партия филиалының төрағасы болып Ноғайбай Марат Нұраұлы тағайындалды.
Келесі кезекте сөз алған «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, Сайран Смағұлов пен Бақыт Сқабаев аудандық филиалының төрағасы қызметіне тағайындалған Марат Ноғайбайдың жұмысына сәттілік тіледі.
Ал жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе де 18 ақпан күні өтетін Береке және Жиделі ауыл-дық округ әкімдерінің сайлауында «AMANAT» партиясының атынан түсетін үміткерлер ұсынылып, кандидаттар бірауыздан бекітілді.
Келелі жиынды қорытындылаған Қуат Сұлтанұлы жиынға қатысушалардан киелі өңірдің қадір-қасиетін жоғары бағалап, ел ішіндегі байырғы ауызбірліктің қаз-қалпында сақталып, ақпан айында өткізілетін ауылдық округ әкімдерінің сайлауына атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Жиделі ауылдық округі әкімі лауазымына «AMANAT» партиясының атынан сайлауға түсетін Алмат Тұрлыбеков пен Береке ауылдық округ әкімі лауазымына сайлауға түсетін Дархан Сүндетбаевқа сәттілік тіледі.
Өз тілшімізден.