КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

 70bf6b2d-c690-4ce4-8be4-0f7daa0a56a2.jpg

Өткен аптаның бейсенбісі күні облыс әкімінің орынбасары Алмас Батановтың қатысуымен  аудан әкімі Азат Құтпанбетов белгіленген кестеге сәйкес Желтораңғы ауылдық округіне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізді. Сонымен қатар бұл кездесуге облыстық және аудандық мекеме-ұйымдар басшылары сапарлас болды.

Кездесу жиынның алдында облыс әкімінің орынбасары Алмас Сұлтанұлы Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе ауылының ішімен өтетін Топар өзенінің бастапқы сағасына барып, аталмыш өзен бойына жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарымен танысып, өзенге жақын орналасқан ауылдық округтері мен елдімекен тұрғындары  және шаруа қожа-лық иелері тамшылатып суару жүйесі бойынша бау-бақша өнімдерін егумен айналыса ма деген сұрақтарын қойып, өзен бойында орналасқан шаруа қожалықтар мал өсірумен қоса егін егумен қосымша айналысу  жайында әңгіме өрбітті. Сөз орайы келгенде аудан басшысы Іле өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты Іле өзенінен бө-лініп ағатын кіші өзендер тіршілік нәрімен қамтамасыз етілсе, аграрлы ауданымыздың егін шаруашылығы мен мал шаруашылық саласы онан әрмен өркендеп өсетінін тілге тиек етті.

Мұнан соң құрметті қонақтар Желтораңғы ауылдық округіндегі Д.Қонаев атындағы орта мектебіне атбасын бұрып, аталмыш білім шаңырағындағы Ұлы тұлға мұражайын аралап шықты.

Келесі кезекте күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша ауылдық Мәдениет үйіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізді.

Кездесу жиынды жүргізген аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және осы жылда атқарылған жұмыстары мен 2024 жылға болжамы мен міндеттері туралы баяндама жасау үшін аудан әкімі Азат Құтпанбетовке сөз кезегін берді.

Аудан әкімінің баяндамасынан кейін сұрақ-жауапқа кезек берілді. Кездесу жиында арнайы бас қосқан желтораңғылықтар ауылдың тыныс-тіршілігі жайында өз ойларын ортаға салып, Бірлік көшесіне ауыз су жүргізілсе, Д.Қонаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалса, Ақөзек, Қалған Іле өзендерінің бастапқы сағаларына қазу жұмыстары жасалып, өзен бойы тазаланса және ауыл ішіндегі  Бірлік, Қ.Шағырұлы, Жастар және Аэродромная көшелеріне тас жолдар төселіп, түңгі жарықтар орнатылса деген ұсыныстарын білдірді.

Сондай-ақ денсаулық саласы, мал шаруашылығы бойынша мәселелерді көтеріп, Желтораңғы ауылы қай жылы табиғи газға қосылады? деген сұрақтарын қойды.

Жиынды қорытындылаған Алмас Батанов облыс көлеміндегі атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қысқаша тоқталып, аудан көлемінде жасалған жұмыстарға оң баға беріп, аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың алдағы уақытта атқаратын  жұмыстарына сәттілік тілеп, жоғарыда көтерілген барлық мәселелердің дер кезінде өз шешімін табуына жұмыстар жасалынатынын жеткізді.

                 Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция