Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың бойына рухани күш-жігер қалып-тастыруды мақсат тұтқан Ақдала орта мектебінің ұжымы өткен аптаның дүйсенбі, сейсенбі жә-не сәрсенбі күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту ми-нистрлігі әзірлеген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы шеңберінде «Жас Сарбаз – «Мәңгілік ел» ұланы» әскери – патриоттық бағытында іс-шара өткізді. Тәрбиелік мәні зор іс-шараға аталмыш білім шаңырағында білім алып жүрген 8 - сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқушылар қатысты.
Үш күнге созылған әскери жаттығудың алғашқы күні жас сарбаздар әскери ант қабылдады. Ант қабылдау салтанатты шараға аудандық Қорғаныс бөлімінің жұмылдыру бөлімінің басшысы Мұхтар Айтқазин, мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлнұр Серікбайқызы және іс-шараны ұйымдастырушы мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дина Мұхтарқызы және «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері қатысты.
Жас сарбаздардан әскери ант қабылдаған Ақдала орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мадияр Құрман оларға алдын-ала ант қабылдаудың тиісті ережелерін үйретіп қойған болатын. Сондықтан да жас сарбаздар ант қабылдау кезінде еш мүдірмеді. Ұлдарының әскери киім киіп, сап түзеп тұрғандарын көзбен көрген әкелер іштей қуанып тұрды.
Ал әскери оқу-жаттығудың келесі күні жас сарбаздар табиғат аясына жорыққа шықты. Үш шақырым жерді жаяу жүріп өткен оқушылардың қауіпсіздігін бақылаған учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Димаш Махметов болса, балалардың денсаулығын өз жауапкершілігіне алған ауылдық фельдшерлік акушерлік пунктінің мейірбикесі Торғын Асылбекова мен 10 сыныптың жас мейірбикелері Аружан Құрметқызы, Ақжан Бақнұрқызы және бірқатар мектеп ұстаздары сапарлас болды.
Әскери жорықты сәтті аяқ-таған сарбаздар мектеп ішіндегі жәдігерлер мен рәміздер бұрыш-тарынан, кітапхана алдындағы ұлы тұлғаларды ұлықтауға ар-налған кітап сөресін және мектепке кіреберіс дәлізде кезектесіп күзетке тұрды.
Оқушыларға патриоттық тәлім -тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның үшінші күнінде жас сарбаздар арасында спорттық жарыс-тар өткізілді. Спорттық сайыстарда оқушылар өздерінің қабілеттіліктеріне байланысты өнер көрсетіп, жеңімпаздарда анықталып жатты.
Оқушылардың бойына рухани күш-жігер қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараның жабылу салтанатына аудандық Варшаба келісім шарт бойынша Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген ардагерлер Қоблан Күршалиев, Талғат Сарбаев, Базаралы Мұсаев, Ербол Андасбаев және Несіпбек Рысбеков қатысып, әскери киім киіп, сап түзеп тұрған оқушыларға ақыл-кеңестерін айтып, әрбір ер азамат өзінің туып - өскен отанын қорғауға міндетті екенін түсіндірді.
Салтанатты шарада сөз кезе-гін алған мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Гүлнұр Серікбайқызы жас сарбаздардың оқу-жаттығу сы-нақтардан сүрінбей өткендігін және олардың отан қорғауға әрқашанда дайын екендерін айтып, іс-шараға атсалысқан мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, үздік сарбаздарды марапаттады.
Марапаттау барысында 10 сынып оқушысы Серік Нұралы, 9 сынып оқушысы Айбын Аман-керім, 8 сынып оқушысы Жандос Айбарұлы және 9 сынып оқушысы Мейрамбек Қазбек «Үздік взвод командирі» атанса, 8 сынып оқушысы Арман Сейткерім мен 9 сынып оқушысы Абзал Сайлауға «Мерген» номинациясы табысталды.
Сонымен қатар 10 сынып оқушылары Серік Ералы мен Бейбарыс Садық «Үздік жорықшы» номинациясымен сондай-ақ 8 сынып оқушысы Алдияр Қуанышбек, 9 сынып оқушылары Жеңіс Нұржан, Мағжан Сержанұлы, Нұрбек Әділхан «Үздік күзетші» номинациясымен марапатталса, 9 сынып оқушысы Самғат Қисабай Газ тұтандырғыш құрылғыны уақытылы іске қосқаны үшін марапатталды.
Таң атпастан мектеп алдында жиналып, сапқа тұрып, қатарды бұзбай, аяқтарын нық басып жүруді үйренген оқушылардың үш кіндік әскери өмірлері осылайша қызыққа толы сәттермен өтті. Іс – шара барысында оқу-шылар өздерінің патриот, нағыз ержүрек екенін көрсете алды.
Аудан көлеміндегі білім шаңырақтары бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған іс-шараның тәрбиелік мән-мағынасы өте тереңде жатқаны жасырын емес.
Өйткені еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында. Сондықтан да жастардың па-триоттық рухы жоғары болуы үшін оларды Отанын сүюге және тарихын білуге, туған тілі мен дінін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеуіміз керек.
Шыныменде ойланып қарасақ бүгінде мектеп қабырғасында жүрген бозбала ертең-ақ Отан қорғаушы сарбаз болып шығады.
Ел шетіне жау келген сәтте қолына қару алып, елі мен жерін жауда қорғайтын нағыз ер азаматты дайындап шығу үшін алдымен әкелер қауымы өздерінің ұлдарына от басында, ошақ қасында дұрыс тәрбие бергені абзал
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».