ҚОС БІРДЕЙ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

        3a75e258-545b-4363-8336-85056de1efcc.jpg3a75e258-545b-4363-8336-85056de1efcc.jpg

        25 қазан - Республика күні мерекесіне орай еліміздің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан Республи-касының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ұсынылып, лайықты құрметтерге бө-ленді.

Мемлекет басшысының марапатына ұсынылғандар арасында аудандық «Қаз-пошта» акционерлік қоғамының операциялау бөлімінің басшысы Ләззат Сейілханова да бар.

Ол аталмыш салада 34 жыл  жемісті қызмет атқарып, ұлттық мереке қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Жерлесімізге лайықты марапатын ұсыну үшін осы аптаның сәрсенбісі күні Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлиұлы Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына арнайы шақыртып,  облыстық Қазпошта басшысы Айбол Таңжар-бекұлының жұмыс кеңсесінде табыстады.

Ләззат Сейілханқызы осыған дейін 9  қазан  күні Қазпошташылар мерекесіне орай «Пошта байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» медалімен марапатталған болатын-ды.

 Аталмыш мекемеде ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, пошта саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан білікті маманның осындай құрметтерге бөленгеніне шын жүректен қуанып, деніне  саулық, отбасына амандық, жемісті еңбек пен толағай табыстар тілейміз. 

                                                                                  Редакция.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция