Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Бизнеске жол» бағдарламасы аясында 4193 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.
Бұзушылықтар мен әкімшілік кедергілердің негізгі үлесі ауыл шаруашылығы, білім беру, салық және туристік қызмет салаларына келеді.
Мәселен, Департамент «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп, оның барысында заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.
Бағдарлама Регламентіне сәйкес өтініштерді қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Алайда, 923 өтініш 6 айдан астам уақыт қаралмаған. Ол уақыт ішінде кәсіпкерлердің Тәуелсіз бағалау компаниялары беретін мүліктің кепіл құнын айқындау туралы қорытынды мерзімі өтіп кетіп жатты. Осыған байланысты кәсіпкерлердің жаңа қорытынды алуы қосымша шығындарға әкеп соқтырды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде барлық өтінімдер қаралып, 217 кәсіпкерге 2 млрд теңгеден астам сомаға несие берілді.
Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.