ОБА ІНДЕТІНІҢ ҚҰРБАНДАРЫ ЖЕРЛЕНГЕН ҚОРЫМ ҚОРШАЛДЫ

77e4c029-ac49-4818-a3b4-0a01e70da8f6.jpg

77e4c029-ac49-4818-a3b4-0a01e70da8f6.jpgБіздің ұлттық дүниетанымызда бақилық болған адамдардың әруағына тағзым жасап, Құран кәрім бағыштау дәстүрге айналып кеткен.  Халқымызда көне заманнан бері жалғасып келе жатқан сенім-нанымның бірі «Әруақ қолдасын!», «Әруақтар желеп-жебеп жүрсін!» деген ұғым бар. Бұл біздің халқымызға Ислам дінінен бұрын қалыптасқан. Ал асыл дінімізде дүниеден өткен әулие-әмбиелер мен ғұламалардың  әруағына сыйыну Алланың сүйікті құлдарына деген шексіз құрмет болып,  сондай-ақ олардың тіршілікте халқына сіңірген еңбектерін ұрпаққа насихаттау болып саналады.

Ата-бабаларымыздан бойы-мызға сіңген жақсы қасиетті  жаңғырту мақсатында Ақкөл ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылының азаматтары сонау жылдары Оба індетінің құрбаны болған марқұмдар жерленген орынды қорашалап, олардың рухына Құран кәрім бағыштап, құрбандық шалды.

Бұл игі шара 2021 жылы Көкжиде ауылының перзенттерінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбірлікпен ұйымдасып, ауыл сыртындағы үлкен қорымды қорашалаған кезде бастау алған болатын-ды. Қорымдарды қорашалау мақсаттары ата-бабалар жатқан зираттар арасында ауыл маңын өрістеген төрт түлік түрлері бейберекет аралап, жайылып жүрмесін деген ойда  қолға алынған болатын. Сол ауқымды жұмысты атқарып жатқанда осы мәселені қолға алу жоспарланған еді. Ауыл тұрғындарының қолға алған бастамалары өткен аптаның жексенбісі күні іс жүзінде жүзеге асырылды.

Осыдан бір ай бұрын Көкжиде ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Сабыржан Ноғайбаев күні бұрын жопарланған жұмысты бір- жақты етуді қолға алу жөнінде ұсыныс тастаған болатын. Ауылдың атқамінер азаматына қолдау көрсеткен ауылдастары зиратты қоршауға қажетті қаражат пен  дүниелерді жиыстырып, қолдау көрсетті.

Сауапты істің өз мәнінде атқарылуына Ақкөл ауылының тұрғыны Бейсенбек Төстікбаев, көкжиделік қариялар Тілеуқұл Күмісбаев пен Несіпқали Байжігітов,  ауыл азаматтары Болат Мұратұлы, Досым Сыдықов, ауыл имамы Ғабит Өмірзақов және мен Бақтығали Мейрамбекұлы жұмыс барысында қолғабыс тигізсек, Асқар Шаңлаяқов дәнекерлеу жұмыстарын тиянақты жасап шықты.

Ауданның Құрметті азаматы Сабыржан Ноғайбаевтың айтуынша бұл шара бір күн бұрын қолға алынып, жұмысшы топтың ішінде ауыл азаматтары Мұхит Әбдіраймов, Ғабит Мұханов, Асқар Батырбаев және Аманжол Бейсенбековтардың белсенділік танытқанын алға тартты.

Мүрделерді қорашалау жұ-мысы аяқталғаннан кейін ауыл имамы Ғабит Өмірзақов Оба індетінен қайтыс болғандардың рухына бағыштап Құран кәрім оқыды.

Мұнан соң жұмысшы топ  Көкжиде ауылына келіп Оба індетінен қайтыс болған Қатшатай Смайлованың немере күйеу баласы Серік Жетібайұлының шаңырағына келіп, марқұмдар рухына таратылып жатқан асқа қатысты. Ас дастарқанында ауыл қария-сы Саймасай Әбдіраймов, ауылдың ақ жаулықты әже-лері Әскер Аяпбергенова, Несіпгүл Байжігітова, Бәтжан Көшімбекова, Айжамал Қайы-пова, Оңалбала Сайлыбаева және көпбалалы ана Айсара Нұралиева атқарылған игі шараға өз ризашылықтарын білдіріп,  ел басына түскен ауыртпалықты еске алып, тосыннан келген індеттің салдарынан бақилыққа аттанған марқұмдардың есімдерін атап, олардың соңында қал-ған ұрпақтардың өсіп-өніп жатқанына шүкіршілік жасап, елімізде мұндай орны толмас қайғылы қасіреттер орын алмасын деген тілектерін білдірісті. Сонымен қатар  атқарылған шараға арнайы дастарқан жайған Оба індетінің құрбаны Қатшатай Әбішқызының неме-ресі Айгүл Дәуітбаева мен немере келіндері Майра Охасова және Қарлығаш Әсеғалиқызына алғыс білдіріп, шаңырақтарына шаттық тіледі.

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші ауыл тұрғындарының осындай сауапты іс-шараны атқарып жат-қандарынан хабардар болған Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бекзат Орынбаев ауыл-дастардың ауызбірлігіне дән риза болып, ел-жұрттың аман-дығын тіледі.

Бұл атқарылған іс-шара көкжиделіктердің Оба індетінің салдарына құрбан болған ата-бабалар рухына жасап жатқан тағзымдарының алғашқы қа-дамы. Ауыл азаматтарының алға қойған ендігі мақсаттары- марқұмдардың рухына арнап еңселі ескерткіш немесе көлемді белгітас орнату.

Әрбір қазақ баласын туған жерсіз, ауылсыз көзге елес-тету мүмкін емес. Өйткені ұлт руханиятының негізгі ошағы мен салт-дәстүр, мә-дениетіміздің сарқылмас мол қорының негізгі ошағы - өзіміз-дің туып-өскен ауылда жатыр.

Сондықтанда ауыл халқы үшін ұлттық құндылықтары-мыздың алтын бесігі, береке-бірлігімізбен баға жетпес бай-лығымыздың бастау болған  ауылды әсте ұмыта алмаспыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір ауыл баласы өзінің туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге міндетті.

Көкжиде ауылының перзенттерінің ұйымдастыруымен ат-қарылған сауапты істің түп төркінінде осы мәселе жатыр деп айтуға болады.

                                                                                  Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция