


«Дала дәмі» жәрмеңкесі – отандық өнімдерді насихаттап, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған маңызды шара. Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, тұрғындарға табиғи әрі сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Бүгін аудан орталығы Бақанас ауылындағы “Шапағат” базарында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде аудан көлемінде өндірілетін өнімдер тұрғындарға ұсынылды.
Өз тілшімізден.


