Конституцияға құрмет - бұл елге деген құрмет

ae95b6ae-b797-454e-8e8f-29a367d54b66.jpeg

    Жаңа Конституцияда қамтылған дүниелер менің ойларымды дөп басқандай. Әсіресе төмендегі тілге тиек етіп отырған мәселелердің қамтылғаны нұр үстіне нұр болғандай.

   Иә,менің өзімдік пікірімше мемлекеттің дамуына күн сайын адал еңбегімен үлес қосып жүрген адамдардың еңбегі ерекше құрметке лайық болуға тиіс. Бұл тұрғыда ой тарқатар болсам,мұғалімнің шәкірт тәрбиелеуі, дәрігердің адам өмірін сақтауы, құрылысшының жаңа нысандар салуы, диқанның өнім өсіруі және жұмысшының өндірісті дамытуы – барлығы да мемлекет өркендеуіне қосылған үлес.

    Қоғамда еңбекқорлықты бағалау, адал кәсіппен айналысуға жағдай жасау және азаматтардың өз қабілетін дамытуына мүмкіндік беру маңызды. Ал бұл мәселелер жаңа Конституцияда көрініс тапқан.

    Отанға деген сүйіспеншілік тек сөзбен ғана емес, нақты іспен дәлелденуі қажет әрине. Өз ісін адал орындаған, үнемі білімін жетілдірген және қоғамға пайдасын тигізген әрбір жан елдің дамуына үлес

қоса алады деп санаймын.

   Жаңа Конституция туралы үнемі ойлану – еліміздің бүгінгі жағдайы мен ертеңгі болашағы туралы ойлану деген сөз деп ұғынған абзал. Яғни Ата Заңның маңызы оның мәтінінде ғана емес, азаматтардың күнделікті өмірінде көрініс табатын құқықтық мәдениетте, әділдікте және жауапкершілікте жатыр.

    Конституцияға құрмет – бұл елге деген құрмет деп білемін.Ал елдің болашағына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың перзенттік парызы екені даусыз.Мұны тек сөзбен жеткізу мүмкін емес. 

Күмісбек Ербаев,журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституцияға құрмет - бұл елге деген құрмет
  • ASTANA MEDIA WEEK 2026 басталды.
  • ДОСТЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ!
  • «Этностар достығы – қоғам тұрақтылығының тірегі»
  • Куат «Найман» Хамитов обратил внимание на примечательный факт: