«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

b2e5a23c-a126-436b-b7e1-930f418fce8c.jpeg

«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында «Әділет» партиясының жастары Алматы облысы Қонаев қаласындағы тарихи ескерткіштердің аумағын тазалады.

Игі іске 20-дан астам белсенді жас қатысты. Олар Абай Құнанбайұлы мен Бердібек Соқпақбаев ескерткіштерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс құрметіне орнатылған ескерткіштің маңын қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтірді.

Белсенділердің айтуынша, кейбір ескерткіштерге маркермен жазу жазылып, бояу жағылған. Жастар бұл олқылықтарды өз күшімен тазалап, тарихи нысандардың бастапқы келбетін қалпына келтіруге атсалысты.

Шараға қатысушылар мұндай бастамалардың жастар арасында тарихи мұраға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, «Әділет» партиясының жастары осындай тазалық және абаттандыру шараларын алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Куат «Найман» Хамитов обратил внимание на примечательный факт:
  • «Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады
  • «Адалдық – адамдықтың белгісі»
  • АҚШ төрінде көк туымыз желбіреді!
  • Алматы облысы: Бақанаста мал азығын шығаратын зауыт салынуда