
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың табиғатқа, қоғамға және келешек ұрпаққа деген жауапкершілігінің айқын белгісі.
Тазалық тек сенбіліктермен шектелмеуі тиіс. Көшеге қоқыс тастамау, жасыл желекті қорғау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау – күнделікті өміріміздің ажырамас дағдысына айналуы қажет.
Нағыз жанашырлық – табиғатты ластамаудан, ортақ мүлікті қадірлеуден және өз ісіңмен өзгеге үлгі болудан басталады.
«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, ұрпақ болашағына бағытталған ортақ жауапкершілік!
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!
#ТазаҚазақстан #ТазаАудан #ЭкологиялықМәдениет #ТуғанЖер #БалқашАуданы


