
Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау тек сенбіліктермен шектелмей, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Көшелер мен саябақтардың тазалығын сақтау, жасыл желекті күтіп-баптау, қоғамдық орындардағы мүлікке ұқыптылықпен қарау – туған өлкеге деген шынайы жанашырлықтың белгісі.


