
Кезінде “Жиделі” совхозының бірінші фермасы болған “Бәйменей” елді мекенінің тұрғындары 70 жылдықтарын атап өтті.
Аталмыш іс-шараға осы ферманың байырғы тұрғындары қатысты. Араларында алыстан ат терлетіп келгендер болды.Жиделі ауылында осы мерейтойға орай марқұм болған ауылдастарының рухына бағышталып ас берілді.Сахна төрінде ән айтылды,мың бұрала би биленді,күмбірлете күй төгілді. Ұйымдастыру алқасының тарапынан сол кезеңдерде фермада жұмыс жасаған жандарға,олардың ұрпақтарына заттай сый-сияпаттар табысталды.Ұлттық ойындар -қол күрес,қошқар көтеру,арқан тартыс және көкпар о
өткізілді.Кешке қарай волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
( “Бәйменей” елді мекенінің 70 жылдық мерейтойы жайында егжей-тегжейлі жазылған мақаланы “Балқаш өңірі” газетінен оқитын боласыздар!)
Редакция.


