
Конституция – мемлекеттің басты заңы, азаматтардың Шынтуайтында Жаңа Конституция елдегі заңдылық пен әділеттілікті нығайтып,елдің дамуына жол ашады.
Әр адам біліп,сезінуге тиіс дүние ол - Конституцияны құрметтеу – Отанды, заңды және өз құқығымызды құрметтеу болып табылады.
Жарқын болашақтың негізі болып табылатын құндылықты көздің қарашығындай сақтай білгеніміз абзал.
Жаңа Конституция қолданысқа енгізілмей тұрып,халықтың талқысына түскені белгілі. Сол сәттері бұқаралық ақпарат құралының өкілі ретінде ел-жұрттың назарына жеткізу мақсатында аудандағы 15 ауылдық округтерге барып,халыққа түсіндірдік.Бұл бағытта бірнеше мақалалар жазып,жаңа Конституцияның тармақтарын, баптарын егжей-тегжейлі түсіндіруге тырыстым.
Иә,қолданысқа енген жаңа Конституцияда ел-жұрт айтқандай өзгешіліктер мен артықшылықтар көп.Оны кәзірдің өзінде түйсініп,сезініп жатырмыз.
Елдің дамуына қызмет ететін заңдарымыздың басты құжатта қамтылғанын көріп,келешегімізге еш алаңдамаймыз.Өйткені бізді жарқын болашақ күтіп тұр.
Жаңа Конституциямен бірге биік белестерді бағындырып,жаңа істерге бастамашыл бола берейік,ағайын!
Күмісбек Ербаев,журналист.


