Азаматтардың құқығын қорғау және гуманизм қағидаттары

d9b3b811-9a69-4dc1-b016-f1440de48ffc.jpeg

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айбек Әбу 2026 жылдың 8 айындағы сот практикасына талдау жасап, саладағы негізгі түйткілдерді баяндап берді.

Өз сөзінде ол ең алдымен сот статистикасына тоқталды. Жыл басынан бері шартты түрде мерзімінен бұрын босату (ШМББ) бойынша 578 материал қаралып, оның 39 пайызы (224 іс) қанағаттандырылған, ал 248 жағдайда бас тартылған. Ал жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру (ЖЖА) бойынша қаралған 208 істің жартысынан астамында, яғни 52 пайызында (108 өтінішхат) оң шешім шығарылған.

Сондай-ақ баяндамашы Жоғарғы Соттың № 6 нормативтік қаулысына енгізілетін өзгерістер жайын сөз етті. Жобаға сәйкес, ШМББ мен ЖЖА мәселесі тек сотталғанның өз өтінішімен қаралып, ол өтінішін кез келген уақытта кері қайтара алады. Бұған қоса, келтірілген шығын толық өтелсе, жәбірленушінің негізсіз қарсылығы босатудан бас тартуға себеп болмайды.

Одан кейін Айбек Әбу практикадағы кедергілерді ортаға салды. Аз мерзімге сотталғандар уақыт тығыздығынан ШМББ немесе ЖЖА алу үшін қажетті оң мінез-құлық дәрежесін жинап үлгермейді. Тіпті үлгілі болып, қауіпсіздігі төмен мекемеге ауысқандардың да бұрынғы жинаған дәрежелері жойылып кетеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азаматтардың құқығын қорғау және гуманизм қағидаттары
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Облыстық байқауда – жүлделі II орын
  • Өнермен өрілген сабақ