Алматы облысында 21,2 мың тонна сүт өндіріліп, 287 шаруашылыққа қолдау көрсетілді

7eb0e8b4-dd9d-46d3-a6b1-75baf6010f46.jpeg

Фото:  Inbusiness.kz

Алматы облысының агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс көлемін ұлғайтуға және шаруалардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Өңірде мал шаруашылығы, сүт өндірісі және агроөнеркәсіптік жобаларды қолдау бағытында оң динамика қалыптасып отыр.

Сүт өндірісіндегі өсім соның бір дәлелі. Облыстың бірқатар өңірінде өнім көлемі айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, Алатау қаласында сүт өндірісі 26,7%-ға, Балқаш ауданында 16,6%-ға, Жамбыл ауданында 12,6%-ға, Ұйғыр ауданында 13%-ға өскен. Қонаев қаласында да өсім 6,8%-ды құрады.

Бүгінде облыста жобалық қуаты 23,8 мың басқа арналған 55 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Шаруашылықтарда 20 мың бас мал ұсталып, 21,2 мың тонна сүт өндірілді. Бірқатар ауданда фермалар толық қуатында жұмыс істеп, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Мал шаруашылығының тағы бір маңызды бағыты – бордақылау алаңдары. Қазіргі таңда өңірде жалпы жобалық қуаты 63,9 мың басқа арналған 58 алаң бар. Іле, Талғар және Қарасай аудандарында олардың өндірістік жүктемесі жоғары деңгейде.

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мемлекеттік қолдау да серпін беруде. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында 6,6 млрд теңге төленіп, 287 агроөнеркәсіп субъектісінің шығындары өтелді. Қаражат ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге, қайта өңдеу кәсіпорындарын кеңейтуге және жеміс-жидек шаруашылығын дамытуға бағытталды.

Шаруалардың қолжетімді қаржыландыру мүмкіндігін арттыру мақсатында кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау да жүзеге асырылуда. Осы бағытта 660 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің міндеттемелері бойынша қаржы ұйымдарына 4,5 млрд теңге аударылды.

Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізуге де басымдық беріліп отыр. 2025 жылы осы бағытта 24 шаруашылыққа 2,7 млрд теңге субсидия төленді. Мұндай қолдау ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырып, ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Осылайша, Алматы облысында агросекторды жаңғырту, өндірістік қуатты арттыру және заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Мемлекеттік қолдау мен шаруашылықтардың өндірістік белсенділігі өңірдің аграрлық әлеуетін одан әрі арттыруға мүмкіндік беріп отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан поднялся на 8 позиций в Глобальном инновационном индексе и показал лучший результат
  • Алматы облысында 21,2 мың тонна сүт өндіріліп, 287 шаруашылыққа қолдау көрсетілді
  • Таза Қазақстан
  • Заң мен тәртіп
  • Заң мен тәртіп