Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету - бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру бойынша айрықша маңызға ие.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсететін органдар қызметінің сапасын арттыруға басты назар аударылып келеді. Кез-келген қызмет беруші ұйымға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуы басты қағида болуы тиіс. Осылайша, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту арқылы өзекті проблемаларды шеше отырып, азаматтардың сенім деңгейін айтарлықтай арттыруға ықпал етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында заңдылықты сақтап, азаматтарға мерзімінде сапалы қызмет ұсыну.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуды тұрғындар арасында насихаттау уақыт талабы болып отыр. Қызметтерді электрондық форматта алудың артықшылықтары жетерлік. Адамдар қызметтерді онлайн алу арқылы әкімшілік кедергілерді азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, адами факторлардың алдын алады және өздерінің уақытын, қала берді қаржыларын үнемдейді. Қазіргі таңда халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын сақтай отырып, тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асыратын өмір сапасы болып табылады.
Бақанас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Қайрат


