Қасым-Жомарт Тоқаев:

90.png

«Баршаңыз әлемдегі ахуалдың аса күрделі екенін, болжауға келмейтінін көріп-біліп отырсыздар.

 

Өзара сенім жоғалған, тұрақсыздық белең алған мұндай алмағайып кезде Қазақстанның халықаралық беделі биік тұрғанын айрықша атап өткен жөн.

 

Жаһан елдері, соның ішінде әлемдік саясатта ықпалы зор мемлекеттердің өзі біздің пікірімізге құлақ асады. Бұл – өте маңызды.

 

Біз ұлттық мүддемізді бәрінен биік қоя отырып, елімізге тән бейбітшілік, өзара достық пен тиімді серіктестік құндылықтарын күллі әлемге табанды түрде дәріптей береміз.

 

Түптеп келгенде, ұлт болып ұйыса алмасақ, азаматтарымыз ортақ іске жұмылмаса, осы жетістіктердің ешқайсысы да болмас еді.

 

Еліміздің басты қуаты, яғни, стратегиялық басымдығы – халықтың мызғымас бірлігінде және жасампаз рухында.

 

Біз озық ел ретінде биік мақсаттарға ұмтылуымыз керек. Ұсақ-түйек, кертартпа әңгімелерге, әлеуметтік енжарлыққа ұрынбай, әрқашан алға үмітпен, сеніммен қарауымыз қажет.

 

Біздің нақты жоспарымыз бар, бағдарымыз да – айқын. Тек өзімізге сеніп, табанды жұмыс істеуіміз керек».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Курчатовта не өзгерді
  • Балқаш ауданында аудан әкімінің қатысуымен дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
  • Президент:
  • Касым-Жомарт Токаев:  
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: