
Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Бұл – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін сезініп, өз таңдауын білдіретін маңызды сәт.
Балқаш ауданының халқы осы науқанда жоғары азаматтық жауапкершілік пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Тұрғындардың белсенділігі, ұйымшылдығы мен ортақ іске деген жанашырлығы аудан жұртшылығының елдік мәселелерге бейжай қарамайтынын аңғартты.
Бірлігі бекем, жауапкершілігі жоғары елдің болашағы да берік. Құрылтай – халықтың үнін, ортақ мүдде мен елдік мұратты тоғыстыратын маңызды қоғамдық институт.
Күмісбек Ербаев,қоғамдық пікір көшбасшысы.


