ОРМАНШЫЛАР ДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ut.png

Ел үшін маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауына Бақанас орман шаруашылығының орманшылары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. 

Табиғатты қорғау мен орман қорын сақтауды кәсіби міндетіне айналдырған орманшылар ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмай, азаматтық белсенділіктерін танытты. Олар сайлау учаскесіне келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс берді. 

Орманшылардың айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге әр азаматтың өзіндік үлесі бар. Сондықтан сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – әрбір азаматтың жауапкершілігі әрі ел алдындағы азаматтық парызы.

Бақанас орман шаруашылығы ұжымының сайлауға белсенді қатысуы – туған жердің табиғатын қорғаумен қатар, ел болашағына да бейжай қарамайтын еңбек адамдарының азаматтық ұстанымын көрсетеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан
  • Қоғамның дамуына қатысуға құқық береді
  • Заң мен тәртіп