Құрылтай сайлауы қағаз бетінде: Қонаев суретшісі тарихи күнді бейнеледі

oy.png

Қонаевта Құрылтай сайлауының тарихы қағаз бетіне түсті. «Асыл» өнер мектебінің ұстазы, суретші Мақпал Атагельдиева шәкіртімен бірге ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауының өту барысын сурет арқылы бейнеледі.

 

Суретші №949 сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге жиналған тұрғындардың жүздеріндегі көңіл күйді, сайлау учаскесіндегі ерекше атмосфераны және тарихи күннің маңызды сәттерін қағазға түсірді.

 

Бұл – сайлауды сурет арқылы хаттап, бүгінгі күнді болашаққа өнер тілімен жеткізудің ерекше тәсілі. Қарапайым көрінген сәттердің өзі уақыт өте келе тарихтың бір бөлшегіне айналмақ.

 

Ең қызығы – бұл туынды Құрылтай сайлауының өту барысын бейнелейтін алғашқы көркем жұмыстардың бірі болмақ.

_


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • С высоты 1750 метров — на выборы: парапланерист прилетел к избирательному участку в Алматинской обла
  • 1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді
  • С рейса — на выборы: дальнобойщики прибыли на избирательный участок в Алматинской области
  • Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді
  • ОРМАНШЫЛАР ДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ