САЙЛАУ КҮНІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

image.png

23 тамыз – Құрылтай сайлауы күні Балқаш ауданындағы №101 сайлау учаскесінде Балқаш ауданы бойынша Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған шараның мақсаты – тұрғындарға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынып, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту.

Жәрмеңкеге келген азаматтарға аудан аумағындағы мекемелер мен ұйымдардағы бос жұмыс орындары таныстырылып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, мамандар жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Бұл бастама сайлау күні азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, тұрғындардың тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін маңызды шаралардың бірі болды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ТҰРҒЫНДАР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
  • Алматы облысының спортшылары дауыс беруге желкенді қайықпен жүзіп келді
  • Попутного ветра Курултаю: в Алматинской области на голосование приплыли на парусной лодке
  • Ақ көйлекпен сайлауға келді: Алматы облысында жас жұбайлар дауыс берді
  • ЕЛ АҒАСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ