ТАҢ СӘРІСІНЕН – САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ

image.png

Балқаш аудандық орталық ауруханасының электр маманы Бақытжан Рахимов бүгін сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс беруге қатысты. 

Оның көп жылдан бергі еңбегі ауруханамен тығыз байланысты. Медициналық мекемедегі құрал-жабдықтардың, жарық пен коммуникациялардың үздіксіз жұмыс істеуі күнделікті қызметтің қалыпты жүруінде маңызды рөл атқарады.

– Ертерек келіп, дауыс беруді жөн көрдім. Әр азамат өз таңдауын өзі жасауы керек деп есептеймін. Еліміздің дамып, ауылдарымызда өмір сүруге және еңбек етуге қолайлы жағдайдың қалыптасқанын, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандардың одан әрі жақсарғанын қалаймын. Сондықтан бүгін мен де ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмадым, – деді Бақытжан Рахимов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*