Ұлттық киіммен сайлауға келді: Алматы облысының тұрғындары ерекше челленджге қолдау білдірді

image.png

Құрылтай депутаттарын сайлау күні Талғар ауданының тұрғындары сайлау учаскелеріне камзол, шапан, сәукеле және 

тақия киіп келді. Осылайша талғарлықтар «Мен ұлттық киіммен дауыс беремін» челленджін қолдап, саяси науқанды 

қазақ халқының мәдениетімен ұштастырды.

Акцияға қатысушылар сондай-ақ ұлттық нақышқа тән өрнектерді заманауи киіммен үйлестірді. Камзолдар күнделікті

 киімнің көркін ашса, шапандар заманауи образды толықтырды. Ал тақия мен сәукеле дауыс беру күнінің сәнін келтірді.

Бастаманы түрлі жастағы тұрғындар қолдады. Бірі сайлау учаскесіне отбасымен бірге ұлттық киім киіп келсе, енді бірі 

дәстүрлі киімнің жекелеген элементтерін таңдаған. Қатысушылар үшін челлендж ұрпақ сабақтастығын, ұлттық

 мәдениеттің байлығын дәріптеуге мүмкіндік берді.

Бастама әлеуметтік желіде де жалғасын тапты. Талғарлықтар сайлау учаскелерінде суретке түсіп, қысқа 

бейнероликтер түсіріп, өз парақшаларында салды. Осылайша, челленджге ауданның өзге тұрғындары да атсалысты.

Бұл бастама маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды ұлттық мәдениетпен байланыстыруға болатынын көрсетті.



Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В фате — на выборы: молодожены проголосовали в Алматинской области
  • Қос ғашық табысты: Алматы облысының сайлау учаскесінде жігіт сүйіктісіне сөз салды
  • ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ДАУЫС БЕРУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ
  • СОЗДАНЫ УСЛОВИЯ ДЛЯ ГОЛОСОВАНИЯ ТРУЖЕНИКОВ ТЫЛА
  • Звезды бокса проголосовали на выборах в Курултай в Алматинской области