ТАРИХТЫҢ САҚТАУШЫЛАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

image.png

Ел үшін маңызды болған бұл күні Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы да дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады. 

Музей қызметкерлері елдің болашағына қатысты маңызды оқиғалардан қалыс қалуға болмайтынын атап өтті. Әртүрлі буын өкілдері сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Музей қызметкерлері үшін тарих, тағылым және ұрпақтар сабақтастығы ұғымдарының маңызы ерекше. Олар күн сайын туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, Балқаш ауданының өткенін тұрғындарға таныстырып, жинақталған құнды деректерді жас ұрпаққа жеткізіп келеді.

– Біз туған жердің тарихын сақтап келеміз және бүгінгі күннің де бір күні тарихымыздың бір бөлігіне айналатынын жақсы түсінеміз. Сондықтан сайлауға қатысып, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз таңдауымызды жасауды маңызды деп санаймыз, – дейді музей қызметкерлері.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*