ТАБИҒАТ ҚОРҒАУШЫЛАРЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ

563.png

Бұл күні өз азаматтық таңдауын Балқаш ауданының Күрті орман шаруашылығының ұжымы да жасады. Кәсіпорын қызметкерлері Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін Ақжар ауылында орналасқан №112 сайлау учаскесіне келді.

Күнделікті еңбегі табиғатты қорғау, орман қорын сақтау және туған жердің байлығын аялаумен тікелей байланысты жандар үшін дауыс беру – азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Орман шаруашылығының қызметкерлері елдің болашағы тек ауқымды мемлекеттік шешімдерге ғана емес, әр азаматтың жеке таңдауына да байланысты екенін атап өтті.

Ұжым сайлау учаскесіне ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл күймен келді. Көпшілік үшін бұл күн ауылдастарымен жүздесіп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға өз үлесін қосып, қоғамның бір мүшесі екенін сезінудің тағы бір мүмкіндігі болды.

Күрті орман шаруашылығы қызметкерлерінің сайлауға белсенді қатысуы – Балқаш ауданындағы еңбек ұжымдарының азаматтық белсенділігінің тағы бір жарқын үлгісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*