Тыл ардагері өз таңдауын жасады

image.png

Тыл ардагері, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Мұқатай Мамытов Қарой ауылдық округіндегі №111 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Елдің талай белесін көріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан ардақты азамат үшін сайлауға қатысу – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Ғибратты ғұмырымен кейінгі ұрпаққа өнеге болып жүрген Мұқатай Мамытов маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділігін танытты. Оның сайлауға келіп, дауыс беруі – кейінгі буынға ел тағдырына бейжай қарамаудың жарқын үлгісі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*