Алматы облысында парашютші ұшақтан секіріп, дауыс беру орнына қонды

image.png

Парашютшінің бұл әрекеті жиналған жұрт үшін күтпеген жағдай болды. Іле ауданының тұрғындары спортшының 

ұшақтан жерге құлдилаған сәтін қызыға тамашалады. Ол дауыс беру орнына дәл қонды. Бұл ерекше акцияны жүзеге

 асырған – запастағы офицер, парашюттік дайындық бөлімінің командирі, тандем-нұсқаушы Тимофей Меркулов. 

Ол – Мысырдағы пирамидалардың маңына қонған алғашқы қазақстандық спортшы. Сондай-ақ Эльбрус тауына секіріп,

 АҚШ аспанында өткен 100-way халықаралық әуе формациясына қатысқан. Оның еншісінде әртүрлі үлгідегі 

парашюттермен жасаған 1 700-ден астам секіру бар.

«Жақында өңірде авиация мен парашют спортын насихаттайтын тамаша авиациялық фестиваль өтті. Бұл халықтың

 авиация мен парашют спортына қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Бүгін оны әрі қарай жалғастырып, сайлау 

учаскесіне секіруді ұйғардық. Осы арқылы авиация мен парашют спортына, сондай-ақ ел үшін маңызды оқиға – 

Құрылтай сайлауына көпшілік назарын аударғымыз келді. Мен үшін дауыс беру – аспанда қабылданатын әрбір

 шешіммен тең жауапты міндет әрі азаматтық борыш», – деді Тимофей Меркулов.

Бұл жайт тұрғындар үшін есте қаларлық сәтке айналды. Мұны көрген көпшілік маңызды күннің мәнін түсініп, сайлау 

учаскелеріне ағылды. Әрине, олар экстремалды трюктер жасаған жоқ, дегенмен бәрі сайлауда өз таңдауын жасады. 

Осылайша, Іле ауданындағы дәстүрлі дауыс беру ерекше оқиғамен толықты.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*