Алматы облысында Қазақстан көшесінің 100-ден астам тұрғыны сайлау учаскесіне бірге келді

л.png

Бір көше – бір таңдау. Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің 100-ден астам тұрғыны сайлау учаскесіне бірге келіп,

 дауыс берді. Олардың қатарында балабақша тәрбиешісі, көпбалалы ана Альфия Долданова да өз таңдауын жасады.


«Бүгін біз бүкіл көше болып, дауыс беруге бірге келдік. Бұл – еліміздің болашағына бейжай қарамайтынымыздың белгісі.

 Балаларымыздың болашағы жарқын болып, елімізде әрдайым бейбітшілік пен береке орнасын», – деді Альфия

 Долданова.


Қазақстан көшесінің тұрғындары үшін дауыс беру сәті ерекше көңіл күйде өтті. Аға буынмен қатар жастар да белсенділік

 танытып, сайлауға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Олар дауыс беру қорытындысын да бүкіл көше болып бірге

 асыға күтетінін айтуда. 


Айта кетейік, Шеңгелді ауылдық округінде 5 361 сайлаушы тіркелген. Ал Алматы облысында барлығы 683 сайлау

 учаскесі жұмыс істейді. Өңірдегі 1 042 987 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Оның ішінде кәмелет жасына толған

 14 104 азамат сайлауға алғаш рет қатысу құқығына ие болды.


Облыстағы барлық сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген.

 Дауыс беру барысын халықаралық байқаушылар бақылап отыр. Орталық сайлау комиссиясы 42 шет мемлекет пен

 13 халықаралық ұйымның атынан келген 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.


Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*