Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

зззз.png

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасаған соң, журналистерге сайлау барысы туралы айтып берді.


«Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси күн. Мен де Алматы облысының тұрғыны әрі Қазақстан азаматы ретінде тіркелген

 сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы біздің өңірде миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы.

 Бүгін облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған», – деді Алматы

 облысының әкімі. 

Сондай-ақ ол бүгінгі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл өзгерістер

 Қазақстан үшін жаңа әрі маңызды кезең екеніне тоқталды. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл сайлау ұлт тағдырына тікелей әсер ететін

 тарихи оқиға екенін атап өтті. Саяси шара қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағын бірге

 айқындауға мүмкіндік береді»,– деді өңір басшысы.

Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-ден бастап Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлау барысын

 отандық және халықаралық байқаушылар бақылап отыр.



Алматы облысының ӨКҚ


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*