Қазақстанда креативті экономиканы дамыту және киноиндустрияға рибейт жүйесін енгізу мәселелері талқы

IMG_8097.jpeg

Алматы облысындағы Dala Edge креативті-технологиялық паркінде кино, музыка, медиа және креативті бизнес өкілдерінің қатысуымен саланы дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті. Кездесуде креативті индустрияның заңнамалық базасын жетілдіру, салықтық ынталандыру және халықаралық жобаларды тарту тетіктері сөз болды.

Креативті хабтар мен инфрақұрылым

Іс-шара өткен Dala Edge кешенінде New York Film Academy (NYFA) кампусы дамып, павильондары бар Dala Stage түсірілім кешені мен 10 мың студентке арналған университет кампусы салынуда. Жиында мемлекеттік қолдаудың арқасында еліміздің өңірлерінде 20 креативті хаб ашылғаны және саланы дамыту арқылы креативті экономиканың ЖӨӨ-дегі үлесін 3 пайызға жеткізу мақсаты бар екені атап өтілді.

Индустрия өкілдерінің ұсыныстары:

Кино индустриясын қолдау: Сала мамандары шетелдік кинокомпаниялардың шығындарының бір бөлігін қайтаруға мүмкіндік беретін рибейт механизмін енгізуді ұсынды. Бұл халықаралық ірі жобаларды Қазақстанға тартуға жол ашады.

Цифрландыру және авторлық құқық: Кино билеттерін есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру, аудиовизуалды туындылардың цифрлық тізімін жасау және пираттық контентті сотқа дейін жедел бұғаттау ұсынылды.

Заңнамалық база мен салық: Музыка және медиа продюсерлер саланы жүйелейтін «Креативті экономика туралы» жеке заң әзірлеуді, сондай-ақ креативті сектор өкілдері үшін салық жүктемесін оңтайландыруды көтерді.

Институционалдық даму: Салық, білім беру және экспорт саласындағы шешімдерді үйлестіру үшін Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру бастамасы айтылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өтті
  • Открытие крупного транспортно-логистического хаба в Алматинской области
  • Алматы облысында ірі көлік-логистикалық хаб ашылды
  • Алматы облысында «JASTAR CAMP» жастар лагері өтті: кәсіпкерлік, білім және цифрландыру мәселелері та
  • Қазақстанда креативті экономиканы дамыту және киноиндустрияға рибейт жүйесін енгізу мәселелері талқы