
Алматы облысындағы өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлерімен және басшылығымен кездесулерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және персоналды қолдау мәселелері көтерілді.
Өндіріс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту және қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету қазақстандық бизнес үшін негізгі стандарттардың біріне айналуы тиіс. Кездесуде «Galanz Bottlers» АҚ тәжірибесі мысал ретінде келтірілді. Аталған компания салық төлемдерінен бөлек, соңғы екі жылда 150 қызметкерін (соның ішінде Шымкент қаласындағы филиал қызметкерлерін) баспанамен қамтамасыз еткен.
Сондай-ақ «БЕНТ» фирмасы» ЖШС өкілдерімен де кездесу өтіп, онда отандық өндірісті кеңейту, жергілікті инфрақұрылымды дамыту және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) стандарттарын енгізу жолдары талқыланды.
Сарапшылар мен кәсіпорын өкілдерінің пікірінше, өнеркәсіптің өсуі қызметкерлердің өмір сүру сапасына, лайықты жалақы деңгейіне және еңбек қауіпсіздігіне тікелей әсер етуі тиіс.


