
Құрылтай – халықтың үнін еститін, ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын және ұлттық бағытымызды айқындайтын алқалы жиын. Мұндай тарихи басқосуда ұлтты әрі қарай ұйыстырып, елдігімізді бекемдейтін негізгі мәселелердің бірі – тіл саясаты екені даусыз.
Мемлекеттік тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол – біздің мәдениетіміздің, тарихымыздың және ұлттық бірегейлігіміздің негізі. Бүгінгі таңда тілдің қолдану аясын кеңейту, оның қоғамдағы мәртебесін арттыру және жас ұрпақтың бойына ана тіліне деген құрметті ұялату – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Құрылтай аясында көтерілген бастамалар мен қабылданатын шешімдер ана тіліміздің өркендеуіне, білім, ғылым және сандық технологиялар саласында кеңінен қанат жаюына тың серпін береді деп сенемін. Ел бірлігі мен тіл тазалығы қатар жүргенде ғана біз заманауи, бәсекеге қабілетті әрі қуатты мемлекет құра аламыз.
Тілдің тұғыры биік, елдің іргесі берік болғай!
Алматы облысының
«Тіл» оқу-әдістемелік
орталығы Балқаш
аудандық филиалының
меңгерушісі
Қ. Мүсірманқұлқызы


