«Әділет» партиясы мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша қолжетімді етуді көздейді

12.png

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Балқаш аумағындағы Бақанас орман шаруашылығының ұжымымен 

кездесті.


Жиында мемлекеттік қызметтерді алу, азаматтардың өтініштерін қарау және әлеуметтік көмекті әділ бөлу мәселелері

 талқыланды.


Партия бағдарламасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бәрін бірыңғай цифрлық ортада «бір басу» 

қағидатымен көрсету ұсынылған. Мемлекет азаматтан қажетті ақпаратты бір рет қана сұрап, қалған мәліметті өз 

жүйелері арқылы алуға тиіс.


Сонымен қатар e-Өтініш жүйесін азаматтардың мәселесін нақты шешетін құралға айналдыру көзделген. Өтініштерді 

қараудағы артық бюрократиялық рәсімдер қысқартылып, мемлекеттік орган басшыларының жеке жауапкершіліг

і күшейтіледі.


Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді проактив форматта тағайындау да қарастырылған. Бірыңғай цифрлық 

платформа адамның көмек алуға құқығын автоматты түрде анықтауға тиіс.


Кездесу барысында ұйым қызметкерлері мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасына қатысты ұсыныстарын

 білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 312 новых объектов культуры: как изменилась культурная сфера Казахстана за семь лет
  • 312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
  • «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖАІШ
  • ​*Алматы облысы Дін істері басқармасы*
  • *Международные оценки: устойчивый рост и инвестиционный кредитный рейтинг*