Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?

eb4efff3-12c1-4371-ab43-7e494b5f4259.jpeg

Кеше партиялар мектептердеауруханалардазауыттарда және архивтерде сайлаушыларменкездесіпәр саланың өзекті мәселелерін талқыладыКөтерілген тақырыптар әртүрлі болғаныменолардыңбәрін біріктірген ортақ өзек – еңбек адамы және оныңкүнделікті мәселелері болды.

 

Көкшетау – болашақ қалалар туралы

 

«Әділет» партиясының өкілдері Ақмола облысыныңтұрғындарымен кездестіПартияның республикалықсайлауалды штабы ұйымдастырған кездесудекөкшетаулықтар өңір үшін маңызды бастамалардыұсындыОлардың қатарында кәсіпкерлерге арналғанбірыңғай цифрлық платформаны іске қосуколледждерге жасанды интеллект технологияларыненгізукоммуналдық желілерді жаңғырту және жаңажұмыс орындарын құру бар.

 

Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Әділет» спортшыларменжаттықтырушыларменөнеркәсіпкәсіпорнының ұжымыменсондай-ақ туризм жәнешипажай-курорт саласының өкілдерімен кездестіКездесулерде спорттытуризмдікәсіпкерлікті жәнеагроөнеркәсіп кешенін дамытуфермерлерді қолдаумен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумәселелері талқыланды.

 

Кездесулердің бірінде Ақмола облыстықолимпиадалық резервті даярлау орталығыныңәдіскері Екатерина Круглик балалардың тұрғылықтыжеріне немесе отбасының материалдық жағдайынақарамастан тегін спорт секцияларына теңқолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

 

Мектеп – реформаның бастауы

 

ЖСДП елдің болашағы білім беру жүйесінебайланысты деп есептеп, осы тақырыпқа арналғанарнайы конференция өткіздіДепутаттыққакандидаттарпедагогтер мен сарапшылар білімсапасы, кадр тапшылығымектепинфрақұрылымының жай-күйі және мұғалімдердіқолдау мәселелерін талқылады.

 

Талқылау қорытындысында қатысушылар бір пікіргекелдімектепте жүйелі реформалар жүргізілмейіншебәсекеге қабілетті мемлекет туралы айту қиын.

 

Сол күні білім беру тақырыбына қатысты өзұстанымын Respublica партиясы да білдірді. Кандидат Нұргүл Тау Қазақстан халық партиясыныңPISA нәтижесі төмен мектептерге айыппұл салу туралы бастамасын сынға алыпмұндай тәсілмәселені шешудің орнына кінәліні іздеугеұқсайтынын айтты.

 

Оның пікіріншеауыл мектептері бастапқыдан-аққалалық мектептермен тең жағдайда емесСондықтан олардан бірдей нәтиже талап ету – орынсыз, ал мұғалімдерді жазалау білім беру жүйесінің әлсіздігін ғана көрсетеді.

 

Respublica басқа жолды ұсынады. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнына білім беру ортасындамыту мен педагогтерді қолдауды құптайды.

 

Экология – дәрігерлер көзімен

 

«Байтақ» партиясы үшін экология мәселесіденсаулық сақтау саласымен тығыз байланысты. Кеше бұл ұстаным іс жүзінде көрініс тапты.

 

Кандидат Таир Сағымбаев Ақтаудағы №2 қалалықемхананың ұжымымен кездестіКездесу барысындамедицина саласының жай-күйіөңірдің экологиялыққауіпсіздігі және пациенттерді әлеуметтік қорғаумәселелері талқыланды.

 

Партияның пайымыншанақты шешімдер кеңсеқабырғасында емескүн сайын халықпен жұмысістейтін мамандардың пікіріне сүйене отырыпқабылдануы тиіс.

 

Тарихи жады – саяси күн тәртібінде

 

Қазақстан халық партиясы кеше тарихи жадытақырыбына ерекше назар аударды. Партия іздестіружұмыстарынархивтік зерттеулерді және патриоттықжобаларды қолдау мақсатында «Мемориалдықаймақ» бірлестігімен ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды.

 

Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуыншаоның арғы атасы ондаған жыл бойы хабар-ошарсызкеткендер қатарында саналып келгенКейін іздестіружасағы оның жерленген орнын анықтаған.

 

ҚХП бұл бастаманы ата-баба ерлігіне тағзым етудіңжәне тарихи шындықты сақтаудың маңызды бөлігідеп есептейді.

 

Кеншілер өлкесіндегі кездесулер

 

Кеше Қостанай облысына төрағасы ҚайратАйтуғанов бастаған «Ауыл» партиясы барды. Ол еңбек ұжымдарымен, партия белсенділерімен жәнеауыл тұрғындарымен кездесіпагроөнеркәсіпкешенін дамытукәсіпкерлікті қолдау жәнеинфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады.

 

Сапар барысында Айтуғанов өзінің еңбек жолыбасталған «Қазпошта» ұжымымен де кездесті. Сапар жастар волонтерлерімен бірге өткен үгіт-насихатакциясымен аяқталды.

 

Ал дәл осы уақытта Қарағандыға «Ақ жол» партиясының төрайымы Дәния Еспаева барды. «Seven Refractories Asia» ЖШС ұжымымен кездесудеотандық өндірушілерді қолдаужаңа жұмысорындарын ашусалық саясаты және өнеркәсіптідамыту мәселелері сөз болды.

 

Соңғы күндері бірнеше партияның Жезқазған мен Қарағанды облысын кездесу алаңы ретінде таңдауыкездейсоқ емесБұл өңірлер ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқанеңбек адамдарының символына айналғанБағдарламалары әртүрлі болғаныменеңбеккеқұрмет тақырыбы көптеген партияларды ортақұстаным төңірегіне топтастырып отыр.

 

Жезқазғандағы пікірталас

 

Respublica партиясы Жезқазғанда өз жақтастарыныңфорумын өткізіпонда өңірдің өнеркәсібіжолдарының жағдайымедицинасы және білім беру саласы талқыланды.

 

Алайда көпшіліктің назарын бағдарламалықұсыныстардан гөрі Мейір Алпысовтың «Ақ жол» партиясының сынына берген жауабы аударды.

 

Ол мемлекет азаматтарын «ұры немесе жемқор» ретінде қабылдамауға шақырыпшетелде табыстауып жүрген қазақстандықтардың қаражатын ел экономикасына инвестициялауға жағдай жасау қажетекенін айттыОның пікіріншеоларды әлеуетті заңбұзушы ретінде қарастыру дұрыс емес.

 

Осылайшабір күннің ішінде сайлауалды науқандаекі негізгі пікірталас айқындалдыОның бірі – мектептерге айыппұл салу мәселесінеекіншісі – шетелде бизнес жүргізетін қазақстандықтарға дегенсенімге қатысты болдыБұл сайлау жақындағансайын партиялардың өзара ашық пікірталасқа жиітүсіп жатқанын және олардың бағдарламаларыарасындағы нақты айырмашылықтардың барғансайын айқындала түскенін көрсетеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
  • Предвыборная кампания заговорила языком профессий: что партии предлагают тем, кто учит,.
  • Құрылтай сайлауы - ел өміріндегі маңызды күн
  • Алматы облысында құрылыс индустриясындағы еңбек мәселелері талқыланды
  • Мемлекеттік қызметте өсу және меритократия қағидаты