Құрылтай-өзекті мәселелерді талқылайтын алаң

4.png

 Менің пайымдауымша Құрылтай – елдің өзекті мәселелерін талқылап, қоғам мен мемлекет арасындағы 

байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болады. Олай дейтінім,онда білім, экономика, мәдениет,

 жастар саясаты сияқты көптеген салаға қатысты ұсыныстар айтылады. Бұл өз кезегінде әртүрлі көзқарастарды 

тыңдауға және ортақ шешім іздеуге мүмкіндік беретін болады.

       Сонымен қатар Құрылтайда айтылған ұсыныстар мемлекеттік саясатта көрініс тауып, халықтың өміріне оң

 әсер ететініне кәміл сенімдімін. Яғни құрылтайдың басты құндылығы – ашық диалог пен нақты нәтижеге

 ұмтылуында болады.

     Мен еліміздің азаматы ретінде Құрылтай сайлауына қатысып, ел мен жердің болашағы үшін өз таңдауымды 

жасайтын боламын. Өйткені Құрылтайдың елімізге тигізер пайдасын мен жақсы түсінемін. Келешегіміздің кемел 

болуы жолында барлығымыздың дауысымыз маңызды.


Гүлнар Зікірова, Балқаш аудандық “Ақжүніс” әйелдер қауымдастығының төрайымы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрылтай-өзекті мәселелерді талқылайтын алаң
  • 29 июля — Международный день тигра
  • 29 шілде — Халықаралық жолбарыстар күні
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Таза Қазақстан