Құрылтайдың қоғамға берері көп

IMG_7074.jpeg

     

     Мен қоғамдағы күнделікті жаңалықтарды халыққа жеткізіп жүрген журналист ретінде Құрылтай турасында айтар болсам,Құрылтай – елдің келешегіне, болашағына байланысты өзекті де өткір мәселелер талқыланатын алаң деп білемін.Ал ондай  алаңда еліміздің ертеңгі жарқын келешегі әңгіме өзегіне айналатыны хақ.

     Есте жоқ ескі заманның өзінде-ақ ата-бабаларымыз әрбір істі қолға алар бұрын арнайы бас қосып,құрылтай өткізіп, елдің,жердің тағдыры жайында өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып отырған.Бұл қаймағы бұзылмаған дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып жатқан жайы бар.Оны бүгінгі қайта оралған Құрылтайдан анық байқауымызға болады.

     Жылдар жылғасымен бірге жеткен Құрылтайдың мәні де мағынасы да бәріміз үшін зор болмақ. Халықтың береке-бірлігін одан әрі нығайтып,ортақ мақсаттарға жетуге жол бастайтын Құрылтайдан күтер үмітіміз де мол.

Күмісбек Ербаев,журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Строительство АЭС создаст более 10 тысяч рабочих мест
  • Атом энергетикасының болашағын кім қалыптастырады және әлем елдері қандай технологияларды таңдайды?