«Әділет» партиясының сайлауалды штабы агрофирма қызметкерлерінің пікірін тыңдады

1.png

2.png

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Балқаш ауданындағы «Агрофирма «Бірлік»» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 Жүздесу барысында аграрлық саладағы еңбек жағдайы, өндірістік процесті ұйымдастыру, техникалық жарақтандыру және мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Кәсіпорын қызметкерлері күнделікті жұмыс кезінде кездесетін мәселелерді айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу тетіктеріне де назар аударылды. Сонымен қатар шаруашылықтың тұрақты жұмысына әсер ететін факторлар, су ресурстарын пайдалану және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері сөз болды.

 «Ауыл шаруашылығындағы нақты жағдайды осы салада еңбек етіп жүрген мамандар жақсы біледі. Сондықтан қызметкерлердің пікірін тыңдап, өндіріс барысында кездесетін мәселелерді талқылау маңызды. Бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар аграрлық саланың қазіргі ахуалын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді», – деді сайлауалды штаб мүшесі Алмас Қыстаубаев.

 Агрофирма қызметкерлері техниканы жаңарту, маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру, өнім өткізу және білікті мамандарды тартуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

 Жүздесу ашық диалог форматында өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі нәтижелер
  • Күмәнді жазбалары бар еңбек кітапшаларын бақылау
  • Международный AI-хакатон HackAlem AI в Астане установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан