

Көрнекті қазақ жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бек Тоғысбайұлының туғанына 90 жыл толуына арналған «АСЫЛ АДАМ» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы жоғары деңгейде өтті.
Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара аясында аудан әкімі Азат Құтпанбетов Бек Тоғысбайұлының ұл-қыздарына арнайы естелік сый-сияпаттар табыстады.
Конференция барысында Бек Тоғысбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында жарық көрген жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
«Асыл адам» ғылыми-тәжірибелік конференциясы Бек Тоғысбайұлының өнегелі өмірі мен бай әдеби мұрасын ұлықтаған, ұлт руханиятын насихаттаған маңызды мәдени-ғылыми шара ретінде есте қалды.


