
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Zakon.kz сайтына берген сұхбатында кәзіргі қоғамдағы түйіткілді жайттарды тілге тиек ете келе ” - Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енді.Мұнда ең алдымен, отбасы институтының конституциялық мәртебесі өзгерді. Енді некенің мемлекет тарапынан тіркелген еркек пен әйелдің ерікті әрі тең құқылы одағы ретіндегі анықтамасы заңда бекітілді. Бұл отбасы институтына ең жоғары деңгейдегі құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді, оның мемлекет үшін ерекше маңызын айқындайды және мемлекеттік саясат пен заңнаманы одан әрі дамыту үшін ұзақ мерзімді бағдар береді.Алғаш рет отбасы тек әлеуметтік саясаттың нысаны ғана емес, мемлекеттің конституциялық негіздерінің біріне айналды. Бала туу, тәрбиелеу және оларды қорғау, демографиялық даму мәселелері іс жүзінде елдің ең маңызды басымдығы ретінде белгіленді.
Және бұл шешім дер кезінде қабылданды.
Қазақстан 2020-жылдардың басында бала туу көрсеткішінің рекордтық өсімін бастан өткерді. Бүгінде демографтар демографиялық ауысудың алғашқы белгілерін тіркеп отыр. Біртіндеп бала туу көрсеткіші төмендеп, неке саны азаюда, некеге тұру және тұңғыш баланы дүниеге әкелу жасы ұлғайып келеді. Бұл – өмір сүру деңгейінің артуына, урбанизацияға және жастардың өмірлік стратегияларының өзгеруіне қарай барлық елдер бастан өткеретін заңды процесс.
Бұл ретте Қазақстандағы жағдай қолайлы болып қалуда және көптеген дамыған мемлекеттер тап болған демографиялық сын-қатерлерден әлі де алыс. Дегенмен, дәл қазір елдің ондаған жылдар бойғы өмір сүру сапасы мен демографиялық тұрақтылығын айқындайтын шешімдер қабылдау маңызды.
Бұл тұрғыда отбасы институтына назарды күшейту – еліміздің Президенті Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағытының қисынды жалғасы” деді.
Иә, бүгінгі сұхбатта ана мен бала мәселесі орынды көтеріліп,көптеген өзекті дүниенің түйіні тарқатылды.
Күмісбек Ербаев,қоғамдық пікір көшбасшысы.


