Денсаулық керуені

68b07dae-3357-4bac-95c8-281fd5f9d378.jpeg

0892f438-f677-44e5-8ce0-8cf3073ef7f0.jpeg

«Денсаулық керуені» – ауыл тұрғындарына медициналық қолдау

Балқаш ауданында «Денсаулық керуені» акциясы аясында аудандық орталық аурухананың білікті мамандары Миялы ауылдық округіне арнайы барып, ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді.

Акция барысында тұрғындар дәрігерлердің кеңесін алып, денсаулық жағдайларын тексертуге мүмкіндік алды. Әсіресе, шалғай елді мекен тұрғындары үшін мұндай игі бастаманың маңызы зор.

Ауыл тұрғындары «Денсаулық керуені» акциясының арқасында қажетті медициналық тексеріске қол жеткізіп, ұйымдастырушылар мен ақ халатты абзал жандарға ризашылықтарын білдірді.

Халық денсаулығы – ел байлығы!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Глава государства ознакомился с проектами в сфере искусственного интеллекта и цифровизации*
  • *Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты*
  • Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
  • Қарттар елдің қазынасы
  • Қарттарға құрмет көрсетті