Қауіпсіз жол

63cb3291-8cec-4a00-816a-8d81cc46fdc3.jpeg

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы

2026 жылғы 11–16 шілде аралығында Балқаш ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Осы кезеңде полиция қызметкерлері:

✅ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтайды;

✅ мас күйінде көлік құралын басқару, жылдамдықты асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану фактілеріне ерекше назар аударады;

✅ профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Балқаш аудандық полиция бөлімі барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Жол ережесін сақтау – адам өмірін сақтаудың басты кепілі!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Глава государства ознакомился с проектами в сфере искусственного интеллекта и цифровизации*
  • *Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты*
  • Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!
  • Қарттар елдің қазынасы
  • Қарттарға құрмет көрсетті