Астана -Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы

e30c7b91-9d79-4dd8-bdd7-2c1e4e38ce4a.jpeg

Астана – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Баршаңызды ұлттық мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – тәуелсіз Қазақстанның ең жарқын жетістіктерінің бірі, халқымыздың бірлігі мен жасампаз рухының, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының символы. Елордамыз аз ғана уақыт ішінде әлем назарын өзіне аударған заманауи мегаполиске айналып, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығы ретінде дамудың жаңа белестерін бағындырып келеді.

Бүгінде Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жүйелі реформалардың арқасында еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда. Бұл игі бастамалар Іле ауданында да өз жалғасын тауып келеді. Ауданда әлеуметтік инфрақұрылым жаңарып, жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандары бой көтеріп, тұрғын үй құрылысы қарқын алып, жолдар жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылуда. Ауылдардың әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Астана күні – бұл тек елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының ортақ мерекесі. Бұл күн – туған жерімізге деген сүйіспеншілікті, ел бірлігі мен татулығын, бейбітшілік пен келісімнің қадірін терең сезінетін ерекше мереке. Біздің басты байлығымыз – бірлігіміз бен ынтымағымыз. Осы құндылықтардың арқасында еліміз алдағы уақытта да қарқынды дамып, жаңа жетістіктерге жете беретініне сенім мол.

Қадірлі жерлестер!

Сіздердің ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген қажырлы еңбектеріңіз бен туған жерге деген жанашырлықтарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрбір отбасының бақыты мен берекесі – еліміздің өсіп-өркендеуінің негізі.

Осынау мерейлі мереке күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен шаттық тілеймін. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке, елімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу серік болсын!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, қасиетті еліміздің абыройы асқақтай берсін!

Астана күні құтты болсын!

Қайыржан Жақсымбетов

Іле ауданының әкімі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жайнай бер, жасай бер Астана!
  • Елордамыз жайнай берсін!
  • Астанамыздың айбыны асқақтай берсін!
  • Елордасы Астана!
  • Астана -Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы